«Omnium profecto artium medicina nobilissima»
— барлық ғылымдардың ішінен медицина ғылымы, сөзсіз ең игілікті. 
Гиппократ

 

Құрметті оқырмандар!

Өз сайтымызда Сіздерді қарсы алуға қуаныштымыз! «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Жаршысы» рецензияланған ғылыми-практикалық журналы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2002 жылы тіркелген және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жылына 4 рет басылып шығарылады.  Журналымыз клиника дәрігерлерінің, ғылыми қызметкерлердің, сондай-ақ денсаулық сақтау менеджерлерінің кең аудиториясына бағытталған.

Журналымыздың рубрикаларында ерекше клиникалық зерттеулер, қоғамдық денсаулықтың және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері, медициналық ғылымның соңғы жетістіктері мен шолулар басылып шығарылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында бақылау жөніндегі комитетімен Журналдарға қойылған талаптарындағы өзгерістерге байланысты ғылыми жұмыстың негізгі нәтижелерін басып шығару үшін Журналымыз қайтадан аттестациядан өтуде. Біз Редакциялық алқаның құрамын жаңарттық, Редакциялық кеңесті қалыптастырып,  Журнал Регламентін жетілдірген болатынбыз.

Журналымыздың маңызды ұстанымдары - басылып шығарылатын материалдардың сапасы, сенімділік пен талапшылдық. Біздің мақалалар өзектілік, жаңалық, теориялық және практикалық мәнділік тұрғыдан мұқият сапалық талдаудан өтеді.

Біз өз болашағымызда сенімдіміз және барлық мүдделі оқырмандармен белсенді ынтымақтастық құруға үміттенеміз.

Ізгі ниетпен, Журналдың бас редакторы
В.Бенберин

1. Журнал зарегистрирован в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан № 9263-Ж, в Международном центре по регистрации сериальных изданий ISSN 2075 – 8790.
2. Учредителем журнала является Медицинский центр Управления делами Президента Республики Казахстан.
3. Тираж
1600 экземпляров в год, допускается издание специальных выпусков журнала.
4. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.