Мақалаларды басып шығару тәртібі

Журналда жариялауға теориялық, шолу, экспериментальды-зерттеу жұмыстары, сонымен бірге клиникалық материалдар қабылданады. Материалдар мыналардың негізінде  қабылданады:

- журналдың бас редакторының атына базасында жұмыс орындалған ұйымның басшысынан  ілеспе хаттың;

- ғылыми мақаланы жариялау үшін қызмет бағдары мақала тақырыбына сай болатын тәуелсіз ғалымдар және/немесе мамандар берген мақаланы басып шығаруға ұсынатын рецензия болуы керек. Мақала авторы мен рецензенттер әр түрлі ұйымдардың қызметкерлері болуы тиіс. Рецензияда рецензенттің лауазымы, жұмыс орны көрсетіліп, қолы қойылуы және ұйымның мөрі басылуы тиіс;

- басып шығаруға жататын материалдар MS Word форматында және қоса берілетін құжаттар (сканерленген түрінде) редакцияның электрондық мекенжайына info@heraldmed.org немесе журналдың жауапты хатшысына тапсырылады.


Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар

Жариялауға арналған материалдар келесі ережелерді қатаң сақтай отырып орындалуы тиіс:

1. Ғылыми мақалалардың құрылымы келесі рубрикаларды бөле отырып журналда қабылданған құрылымға сәйкес болуы керек: ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу бойынша мақаланың индексі), кіріспе, материалдар және әдістер, нәтижелері және талқылау, қорытынды, әдебиет. Барлық бөлімдер үшін мақаланың соңында орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде қысқаша аннотациясы (резюме) беріледі.

2. Мақаланың мәтіні бір данада беріледі, жоларалық бір интервалмен (1,0) стандартты А4 форматындағы парақта, жоғары және төменгі жағынан – 2 см, оң және сол жағынан – 3 см жиек қалдырылып, Times New Roman 14 кегль мөлшерімен басылады. Мақаланың түпнұсқасымен қоса жеке файлда бірінші автордың аты-жөнін көрсете отырып электронды нұсқасы да беріледі (Касымов А.А.обзор.doc).

3. Ғылыми мақаланың көлемі қолданылған әдебиеттер тізімін (библиография), аннтоациясын қоса есептегенде 16 беттен аспауы керек.

4. Мақаланың аты үлкен әріптермен автордың тегі, аты-жөнінен кейін жазылады (аты-жөні тепгінен кейін жазылады), сонымен бірге базасында жұмыс жүргізілген ұйымның атауы мен орналасқан қаланың атауы көрсетіледі. Мақаланың соңында жеке парақта автордың толық аты-жөні ғылыми дәрежесі мен атағын, қызметін, қала мен оқу орнын, байланыс телефондарын (жұмыс және мобильді), факсті, e-mail көрсете отырып жазылады. 

5. Мақаланы автор мұқият тексеруі қажет. Түзетілген нұсқа авторларға жіберілмейді, тексеру автордың жіберген тұпнұсқасымен электронды нұсқада (вируссыз) жүргізіледі,  интервал 1,0 , MS Word 6.0 2003 for Windows форматында.

6. Фотографиялар, диаграммалар, суреттер сканерленеді және мақала мәтініне абзацты бұзбай енгізіледі. Кестелер А4 парағының үштен бірінен аспау керек. Кестелердегі шрифт мөлшері 10. Кестелер саны біреуден көп болса, аталады және нөмірленеді. 

7. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді, атауларды қысқартуға болмайды. Өлшем бірліктері СИ жүйесінде беріледі. Аббревиатуралар мәтінде бірінші аталған кезде ашып көрсетіледі, сонан кейін өзгеріссіз жазылады.

8. Суреттер - рұқсаты 300 dpi болатын Tiff форматында; графиктер - Microsoft Excel форматында; суреттер, слайдтар, тікелей диагностикалық аппаратурадан түсірілген бейнелер – А4 форматынан үлкен емес (210х297 мм). Суреттерге жазбалар суреттің нөмірін көрсете отырып жазылады; жазбада барлық қисықтарға, әріптерге, сандарға және басқа да шартты белгілерге түсініктемелер беріледі.

9. Әдебиет тізімі мәтін мазмұнында қолданылған сілтемелер ретіне қарай әзірленеді. Мақалада әдеби көздің нөмірі төртбұрышты жақшаға алынады. Тізімде көрсетілген әдебиеттердің мәліметтерінің дұрыстығына автор жауапты болады. Басқа журналдардан мақалаларды жазу кезінде мақаланың авторлары, мақаланың және басылымның атауы, шығарылған жылы, том, бет нөмірі көрсетіледі. Жинақтан мақаланы жазу кезінде автордың аты-жөні, мақаланың аты, жинақтың аты, басылым шығарылған жері мен жылы, бет саны көрсетіледі.  Монография жазу кезінде оның авторының аты-жөні, монографияның атауы, шығарылған жері, баспа атауы, басылған жылы, бет саны көрсетіледі. Монографиядан тарауды көрсету кезінде   осы тараудың авторының аты-жөні, тарау атауы, монография авторының аты-жөні, монография атауы, басылған жері мен жылы, бет саны көрсетілуі тиіс.  

10. Журналдың редакциялық алқасы мақалаларды ғылыми және әдеби редакциялау құқығын өзіне қалдырады. Ғылыми мақалаларды жариялау туралы шешім Редакциялық алқа құрамына кірмейтін тәуелсіз сарапшылардың берген оң ұсыныстарының негізінде қабылданады.

11. Редакцияға басқа басылымдарға жіберілген немесе бұрын басылған мақалаларды ұсынуға жол берілмейді.

12. Журналда мақаланың жариялануы автордың пікірімен редколлегия келіседі дегенді білдірмейді. Қажетті жағдайларда мақалада көтерілген мәселелерге қатысты өз пікірін редколлегия комментарий түрінде ұсынады.

13. Ғылыми жарияланымдарда авторлық құқық қатаң сақталуы тиіс. Ресімделуі талаптарға сай келмейтін мақалалар жариялануға қабылданбайды.

14. Мақалаларды қабылдау тегін.



Жариялымдардың және авторлардың әдебіне қойылатын талаптар

Авторлар ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен маңыздылығына және жұмыстардың ғылыми мазмұнының өзектілігіне жауапты болады. Бұдан бұрын жарияланған немесе басқа басылымдарға берілген мақалалардың қолжазбалары қабылданбайды.

Журналға жариялау үшін жұмыстың мәтінін ұсынған кезде авторлар сипатталған жұмыс бұрын жарияланбағанына, басқа жерде жариялау үшін қаралмағанына, оның жарияланымы барлық қосалқы авторлар және жұмыс жүргізілген жауапты органдар тарабынан жасырын немесе ашық түрде мақұлданғанына және егер ол қабылданса басқа жерде осы нысанда ағылшын тілінде немесе кез келген басқа тілде, оның ішінде электрондық түрде, авторлық құқықтар иесінің жазбаша келісіміз жарияланбайтынына кепілдік береді.

Алынған мақалалардың бірегейлігі антиплагиат жүйесі арқылы тексеріледі. Мақалалар мәтінін ұсынған кезде авторлар жұмыс толығымен бірегей екенін және басқа авторлардың жұмыстары қолданылған жағдайда – тиісті библиографиялық сілтемелер жасалғанын растайды.

Ұсынылған мақалаларға кем дегенде тиісті ғылыми бағыт бойынша жұмыс істейтін, редакциялық алқаға кірмейтін екі тәуелсіз ғалым және редакциялық алқаның бір мүшесі – тиісті сала бойынша жетекші маман рецензия береді.